Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Руслан Берденовке қатысты істе апелляциялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырды

Ернар Жиембай мен Руслан Берденов

Шымкентте қала басшысының бұрынғы орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандық бойынша апелляциялық сот шешімді өзгеріссіз қалдырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сотталушы Ернар Жиембай жазасын бас бостандығынан айырудан шартты жазаға ауыстыруды талап етті. Ол кісі өлтіру ниеті болмағанын, тек "денсаулығына ауыр зиян келтіргенін" мәлімдеді.

Жәбірленушінің адвокаттары Жиембайдың шабуылды мұқият дайындағанын және Берденовті өлтіруді көздегенін айтып, соттан істі қайта саралауды сұрады.


"Келініме лүпіл басып, хабарлама жазумен шектелмеді": Берденовке қастандық жасаған сотталушының әкесі пікір білдірді


"Денсаулығына көңіл бөлуді жөн көрген секілді": Шымкент әкімдігі Берденовтің қызметінен кетуі мүмкін екенін айтты


Алайда сот екі тараптың да өтініштерін қанағаттандырмады.

Ернар Жиембай тоғыз жыл түрмеде отыратын болды.

Еске салайық, бұған дейін 2 қазанда Руслан Берденовке қатысты істе екі тарап та апелляциялық шағым түсіргенін жазған едік.

 21 сәуір күні Руслан Берденовке Шымкент қаласы әкімдігі ғимаратының алдында оқ атылып, ол ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілген еді. Бұл іс бойынша айыпталушы қалалық құрылыс басқармасына қарасты "Тұрғын үй Шымкент" ЖШС-нің бұрынғы директоры – Ернар Жиембай. Жәбірленуші Руслан Берденов сот отырысына онлайн режимде қатысқан. 

Қырмызы Скендирова
Бейсенбі, 09 Қазан, 2025 19:55
Талқылау