Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Рухани өмір салтын ұстанатын жаққа алып кеткен": Алты жыл бұрын жоғалып кеткен жасөспірім табылды

Францияда алты жыл бұрын жоғалып кеткен 17 жастағы британдық жасөспірім табылды. Оны қамқорлығына жатпайтын анасы мен атасы рухани өмір салтын ұстану үшін белгісіз таулы аймаққа алып кеткен. Бала үйіне оралу үшін төрт күн бойы жаяу жүріп, айналасынан көмек сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Сурет ВВС-ден

Алекс Батти 2017 жылдан бері із-түзсіз жоғалып кеткен. Оны Пиреней тауының етегіндегі жолда жаңбыр астында келе жатқан жерінен көлік жүргізушісі Фабиен Акцидини байқап, полиция бөлімшесіне апарған.

"Ол төрт күн бойы жаяу жүргенін айтты. Анығырақ түсіндірмеді. Бірақ тау жақтан жолға шыққанын түсіндірді. Кейін атын желіге енгіздім. Сөйтсем іздеуде екенін көрдім", - деді Акцидини.

Жасөспірім елшіліктен көмек сұрау үшін үлкен қаланы іздейтінін жеткізген. Ал көлік жүргізушісі бірден Франция билігінен көмек сұраған.

Алекс Ұлыбританиядағы әжесімен байланысу үшін Акцидинидің Facebook аккаунтынан әжесіне "Сәлем әже, мен Францияда Тулуздамын. Хабарламамды оқисың деген үміттемін. Сені жақсы көремін, үйге қайтқым келеді",- деген хабарлама жазған.

Бала Францияда екі жыл болғанын айтты. Ол шалғайдағы Пиреней аңғарларында өмір сүріп, бір жерден екінші жерге саяхаттаған. Пиреней тауларының етегіндегі аймақ басқаша өмір салтын іздейтін адамдар баратын өңір. 

Алекстің әжесі Каруананың айтуынша, 2018 жылы баланың анасы Мелани Бэтти мен атасы Дэвид Бэтти оны Мароккодағы рухани қауымдастыққа алып кеткен. Сол кезден бастап олар баламалы өмір салтын іздеп Алексті де сондай салтқа баулыығысы келген. Тіпті мектепке барғанын қаламаған.

Сурет ВВС-ден

2017 жылдың 30 қыркүйегінде Мелани мен Дэвид Батти Алекспен бірге Испаниядағы Марбеллаға алдын ала келісілген апталық демалысқа кеткен. Соңғы рет оларды Малага портында сол жылдың 8 қазанында, олар Ұлыбританияға оралуы тиіс күні көрген.

Алекс анасының қайда екенін және Пиренейде нақты қай жерде тұрғанын айтпады. Олар әлі табылмады.

Ал әжесі немересінің табылғанына қуанышты екенін жеткізді.

Үлкен Манчестер полициясы "қауіпсіздік шараларын" қабылдау үшін француз билігімен байланыста екенін жеткізді.

"Бұл күрделі және ұзақ тергеу және біз қосымша тексеріс жүргізіп, тиісті қауіпсіздік шараларын қабылдауымыз керек", - деді баспасөз хатшысы

Сыртқы істер, Достастық және Даму Бюросы (FCDO) мәлімдемесінде: "Біз Франциядағы британдық азаматты қолдаймыз және жергілікті билікпен байланыстамыз" деді.

Талқылау