Босану кезінде көз жұмған әйелдің анасы бас дәрігерді ұрып тастады
Рудныйдағы перинатальдық орталықтың бас дәрігері Галина Баландина өзінің қызметтік кабиентінде соққыға ұшырады. Медқызметкерге қол жұмсаған – таяу күндері босану кезінде сәбиімен бірге көз жұмған келіншектің анасы. Бұл ақпаратты ҚазАқпарат тілшісіне жәбірленген дәрігердің өзі растады.
«Жаңа біразда ғана, түскі ас уақытында соққы астында қалдым. Марқұмның туыстары менің қабылдауымда болып, анасы қызының сырқатнамасын көрсетуімді сұрады. Мен оған бұл құжаттарды көрсете алмадым. Себебі олар қазіргі уақытта Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінде жатыр. Анасының өтініші бойынша комитет басшысына телефон арқылы хабарластым. Ол туыстарының қажетті құжаттардың барлығын алатындығын айтты. Мен қайтыс болған әйелдің туыстарына бұл жағдайға қатысты тексеру жұмыстарын екі комиссия жүргізіп жатқандығын, тескерістің әділдігіне кепіл беретіндігін жеткіздім. Бір уақытта орнымнан тұрып, қабылдауымдағы адамға теріс бұрылып тұрғанмын. Ол бірден менің шашымнан бас салып, басымды жарақаттағысы келген болуы керек, көзілдірігімді сындырды. Кабинетімнің есігі ашық тұрғаны жақсы болды. Ауруханының хатшысы мен бухгалтері маған тап бергенін көріп, марқұмның анасынан арашалап алды. Бұл уақытта оның туыстары диванда отырған орындарынан қозғалмады», – деді көзіне жас алған Баландина.
Оқиға орнына полиция шақырылды. Қазір полиция қызметкерлері жәбірленуші мен куәгерлерден жауап алуды. Мұнан кейін соққыға жыққан тарап өкілдеріне тиісті жұмыстар жүргізеді.
Сонымен қатар Галина Баландина соңы қайғыға ұласқан босану процесін жүргізген дәрігерге соңғы күндер бойы қоқан-лоқы көрсетілгендігін айтты.
«Марқұмның туыстары оның өлімі үшін осы уақыт бойы дәрігерге қоқан-лоқы жасауда. Ал дәрігер ол туралы тіс жармаған», – дейді Баландина.
Сұхбат берушінің сөзінше, Рудныйдағы перинатальдық орталықта емделушінің көз жұмуы бәріне оңай тимеген. Мұнда жаңа жылдық мерекелік шаралар тоқтатылып, болған жағдайды «клиника беделіне тиген ауыр моральдық соққы» ретінде қабылдаған.
Қазіргі уақытта өлікті сою нәтижелері мәлім болды.
«Болжалданғандай, өлім себебі – қағанақ суы эмболиясы. Диагноз тәуелсіз мамандар жүргізген өлікті сою нәтижелерімен расталды. Бұл процесс егжей-тегжейіне дейін видеокамераға түсірілді. Эмболия – өте күрделі асқыну. Ол сирек кездеседі. Ол әйелді құтқару мүмкін болмады. Өлікті сою барысындағы белгілердің бәрі оны растайды. Маған шабуыл жасаған анасы да мұны жақсы түсінеді. Себебі ол да – дәрігер. Оған эмболияның қорқынышты диагноз екендігін басы артық түсіндірудің де қажеті жоқ. Сонда да болған оқиғаға дәрігерлерді кінәлайды. Бәрі-бір де бізден кек алғылары келеді», – дейді аурухананың бас дәрігері.
Галина Баландина Рудныйдағы перинталадық отралықта 32 жыл бас дәрігерлік қызмет еткен.
Ал марқұм болған келіншектің туыстары тарапынан телефонмен қоқан-лоқы көрсетілгендігін Қостанай облысының бас акушер-гинекологы Иван Янцен де растады.
Бұған дейін хабарланғандай, Рудныйдағы перинатальдық орталықта босанушы мен сәбидің өліміне қатысты дерекпен арнайы комиссия айналысқан. Дәрігерлердің сөзінше, әйелдің жүрегі тоқтап қалып, реанимациялық шаралар өз нәтижесін бермеген.
Оқи отырыңыз:
Қостанай облысында босану кезінде әйел мен сәбиі қайтыс болды
Ресейде 36 жастағы келіншек лидокаин екпесінен кейін көз жұмды
Жасыңызға байланысты құрсақ көтеру мүмкіндігіңізді тексеріп көріңіз