AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Рудныйда уланып қалған 14 оқушының жағдайы белгілі болды

Рудный қаласында 14 оқушы жедел гастроэнтерит диагнозымен ауруханаға жатқызылды. Зардап шеккендердің жағдайы тұрақты, орташа ауырлықта, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жедел ішек инфекциясының белгілерімен медициналық көмекке 35 студент жүгінгенін, олардың 14-і жедел гастроэнтерит диагнозымен ауруханаға жатқызылғанын, қалғандарына амбулаторлық ем тағайындалғанын хабарлады. Балаларда жүрек айну, құсу, іш қуысының ауыруы сынды шағымдар түскен.

Комитеттің Қостанай облысы бойынша департаменті "S_SALTA" ЖШС жеке серіктестігі жалға алған асхананы жоспардан тыс тексеруді бастады.

"Тексеру барысында зертханалық зерттеуге тамақ өнімдерінен, судан, жуудан сынамалар алынып, тамақтандыру бөлімшесінің жеке құрамы да тексерілді. Зертханалық сараптамалардың қорытындысы жалғасуда. Мамандар індет ошағында эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіп жатыр”, - деді комитет.

Бұған дейін Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Рудный тау-кен-технологиялық колледжіндегі жаппай улануға қатысты пікір білдірген болатын.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр