Рудныйда 15 жастағы қыз суға батып кетті
Рудныйда 15 жастағы қыз суға батып кетті. Қайғылы оқиға жексенбі, 29 мамырда болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Қостанай облысының төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
"Сағат 19:15-те Тобыл өзеніндегі Парковая көшесінің әкімшілік аумағында 2007 жылы туған жасөспірімнің денесі табылды. Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағының күшімен судан шығарылды", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Полицияның мәліметінше, қыз тыйым салынған жерде суға түсіп, шамамен 17:15-те батып кеткен.
"Ол достарымен бірге болған. Судың осы учаскесінде шомылуға тыйым салынғаны туралы белгі орнатылған", - деп нақтылады департамент мамандары.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”