Роза Рымбаеваның келіні жүкті кезіндегі суретін жариялады
Әнші Ақерке Бүркітбай әлеуметтік желідегі парақшасына тұңғышына аяғы ауыр кезіндегі суретімен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
©instagram.com/akerkeburkitbay
“Менің ең әдемі көктемім”, – деп жазба қалдырды өнер иесі.
Желі қолданушылары Ақеркені қуанышымен құттықтап, ақжарма тілектерін арнады.
“Әйелдің ең сұлу кезі”, “Сен үшін қуаныштымын. Сені жақсы көреміз”, “Бауы берік болсын! Бақытты ана болуыңа тілектеспін”, “Роза апайымыздың ақ келіні, Әлидің асыл жары, бақытың еселене берсін”, “Құтты болсын”, – деп жарыса жазды желідегілер.
Бұған дейін немерелі болған Роза Қуанышқызын өнердегі әріптестері құттықтап, көпшіліктен сүйінші сұраған болатын. Кейін Әли Оқапов әке атанғанын айтып, қуанышты жаңалықты растады.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”