Роза Әлқожа әкесінің мерейтойына темір тұлпар сыйлады (фото)
Роза Әлқожа күні кеше әкесінің 60 жас мерейтойын Шымкент қаласында дүркіретіп тойлаған-ды. Әнші айнымас асқар тауына аппақ темір тұлпар сыйлады. Оны Алматыдан Шымкент қаласына өзі жүргізіп барған екен.
Фото: youtube.com
Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.
Сәуірдің 21-і күні Шымкент қаласында әнші туған-туысқандарымен бірге әкесінің 60 жас мерей тойын атап өтті. Әнші әкесінің қуанышын бөлісуге өнердің бір пұшпағын илеген Еркін Нұржанов та келген екен. Қызды болып жатқанына қарамастан, осындай қуанышты күнде қасында болғаны үшін Роза досына ерекше алғыс білдірді.
Роза Әлқожа әкесінің туған күніне темір тұлпар сыйлаған екен. Асқар тауын қуантуға асыққан әнші көлікті Алматы қаласынан Шымкент қаласына өзі жүргізіп барған.
Фото: instagram.com/roza_alkozha01/
“Кешегі төркінге әкеле жатқан жаңалығымыз осы ақ тұлпар болатын! Рөлде өзім отырдым. Асыл адамға арнаған тосын сый еді. “Мейіріміңіз, сенімізіңіз, махаббатыңыз үшін рахмет! “ деп жазып қойдық. Қуанышқа ортақ болған барша досқа мың алғыс!”, – деп Роза Әлқожа тыңдармандарымен қуанышын бөлісті.
Оқи отырыңыз:
Роза Әлқожа күйеуіне тоқал алуға рұқсат берді
Роза Әлқожаның күйеуі тоқал алу “Мәселесіне” қатысты ойымен бөлісті
Роза Әлқожа: Уәдесінде тұрмайтындарға ызаланып жылап алдым