Роза Әлқожа: Уәдесінде тұрмайтындарға ызаланып жылап алдым
Әнші Роза Әлқожа әлеуметтік желісіндегі парақшасына шығармашылықтағы қиындықтары жайлы жазып,тыңдармандарына сырын ашты. Ақын қыз өзінің ауылдастары Қазақстанда еместігіне де көңілі түсіпті. Қысқаша айтқанда қолдауға зәру екенін жеткізген.
Ол барлық реніш өзіне “қолдау көрсетеміз” деп уәде еткен азаматтардың аяқ асты сөзінен тайқып кетуінен шыққанын айтқан.
Сөз басында “Руластар мен жерлестердің қолдауы керегін концерт қоярда сеземін”,- деп жасырмай айтып салған.
Әншінің “ауылым алыста” дейтіні отбасы Өзбекстаннан Қазақстанға көшіп келген. Талай әні көрермен көңілінен шыққан ақын қызға желідегі достары “қолдау көрсетеміз” деп уәде етуде.Інісі Әлжаппар Әлқожа екеуі екі күннен кейін Алматыда “Әпке” деген атпен концерт бермекші.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен


