Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

"Росатом" басшысы Қазақстанда АЭС құрылысы жақында басталатынын мәлімдеді

аэс сток

Фото: Pixabay.com

"Росатом" бас директоры Алексей Лихачев Қазақстанда АЭС құрылысының жақын арада басталатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Алексей Лихачев "Росатом" Қазақстанда атом электр станциясын салу жобасын жүзеге асыруға дайын екенін айтты.

Мемлекеттік корпорацияның бас директоры Алексей Лихачев "Росатом" Өзбекстанда шағын атом электр станциясының құрылысын бастады. Сонымен қатар сәуір айында "Росатом" Қырғызстанның энергетика министрлігіне қуаты аз атом электр станциясын салудың алдын ала техникалық-экономикалық негіздемесін ұсынған.

Лихачевтің айтуынша, компания жобаны Қазақстанда жүзеге асыруға да дайын.

“Көптеген елдер атом энергетикасы клубына кіруді қалайды. Біз барлығымен жұмыс істеуге дайынбыз. Жиырма елмен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Жақын арада жобаларды іс жүзінде жүзеге асыруға кірісетіндер: Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Вьетнам және тағы бір еуропалық мемлекет", – деді ол.

Қазақстан өзінің ірі атом электр станциясын салу үшін мердігерлерді таңдайды. Реакторлық технологиялардың әлеуетті жеткізушілерінің тізімінде ресейлік мемлекеттік корпорациямен бірге кореялық KHNP, француздық EDF және қытайлық CNNC компаниялары болды.

Еске салайық, бұған дейін үкімет басшысы Олжас Бектенов пен "Росатом" басшысы атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастықты талқылағанын жаздық. Кездесуге қатысушылар аталған салалардағы заманауи технологияларға қатысты өзекті мәселелерді қарастырды. Сондай-ақ салаларды одан әрі дамытуға бағытталған өзара іс-қимылы мәселелері талқыланған. Қазақстан үкіметі елдегі АЭС құрылысын жүргізуі мүмкін компаниялармен келіссөздерді бастағаны туралы жазған едік. 

Қырмызы Скендирова
Сейсенбі, 13 Мамыр, 2025 16:04
Талқылау