Роналду "Әл-Насрдан" кете ме? Португалдық шабуылшы ауысуы ықтимал жаңа клуб аталды
Сауд-Арабиялық “Әл-Наср” клубының шабуылшысы Криштиану Роналду Мадридке оралып, Сауд Арабиясынан кеткісі келеді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
El Nacional басылымының таратқан ақпаратына сүйенсек, ол үшін жаңа мәдениет пен елге бейімделу қиынға соққан, сонымен қатар тілдік кедергіге байланысты кедергілерге тап болған. Роналду Реал Мадридте тоғыз жылын өткізген және сол жаққа қайта оралғысы келеді.
Еске салайық, “Әл-Насрға” ауыспай тұрып Роналду "Атлетико Мадридке" ауысуға жақын еді, бірақ оның ауысу мүмкіндігі жанкүйерлер арасында наразылық тудырған.
Бұған дейін Мадридтік "Реалдың" президенті Флорентино Перес Роналдуға клубқа елші ретінде оралуды немесе команданың спорт басқармасында қызмет көрсетуді ұсынуға дайын екені белгілі болған.
Талқылау