Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Роналдудың әйелі көпшілік алдына шапан киіп шықты

Әлеуметтік желілерде футболшы Криштиану Роналдудың әйелі ұлттық шапан киіп түскен суреті қызу талқылануда. Джорджина Родригес желідегі ресми парақшасында шапан киген суретін жариялады.

Қолданушылар байқағанындай, Джорджина алдымен бұл шапанның Қазақстаннан жасалғанын айтты, бірақ кейін шапан Өзбекстанда жасалды деп ауыстырып қойды.

«Өзбекстаннан сүйіспеншілікпен жасалған қолөнер» - деп жазылған Instagram-да сурет анықтамасында.

Джорджина Родригес - испан бишісі, модель, Криштиану Роналдудың әйелі. Әйгілі футболшының жары жанкүйерлерін әртүрлі суреттерімен таңғалдырып келеді. Мысалы, ол бұған дейін «жылан» көйлек киіп жанкүйерлерін қуантты. Сонымен қатар ашық бикини киіп, бөксесін көрсетті.

STAN.KZ
Сенбі, 26 Желтоқсан, 2020 21:14
Талқылау