Роналду ықпал етті: "Әл-Наср" клубына жаңа бапкер тағайындалды
Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубы ресми түрде жаңа бас бапкерді тағайындады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Динко Елилич клубты дайындайды.
Бұған дейін Роналду француз маманы Руди Гарсияны сынға алып, басқа бапкерді тағайындауды талап етті.
Гарсия Роналдумен жанжалдан кейін бас бапкер қызметінен кетуге мәжбүр болды.
Португалдық футболшы Әл-Наср құрамына қатты әсер етеді. Криштиану команданың бас бапкері үміткерлерін қарастырып, таңдауға атсалысады.
Қазіргі бапкер Елилич – хорватиялық 49 жастағы маман. Бұрын "Әл-Наср" жастар командасымен жұмыс істеген.
Сарапшылардың айтуынша, Елилич тек уақытша жүр, бапкер болып Жозе Моуриньо мен Зинедин Зиданы келуі мүмкін.
Себебі Роналду Моуриньоны "мансабындағы ең үздік жаттықтырушы" деп атаған. Ол 2010-2013 жылдар аралығында "Реалды"жаттықтырды. Қазіргі уақытта Моуриньо италиялық "Романың" бас жаттықтырушысы қызметін атқарады.
Зидан 2021 жылдан бері жұмыс істемейді. Оған дейін екі рет Реалдың бас жаттықтырушысы қызметінен кетті.
"Әл-Насрдың басшылығы Зинедин Зиданмен келіссөз жүргізді, француз жаттықтырушысы Сауд Арабия клубынан ауызша ұсыныс алды. Алайда Зидан бас тартуы мүмкін", – деді сарапшылар.