Роналду аяғы ауыр сүйіктісіне опасыздық жасады
“Махаббат құдіреті” реалити-шоуында модель Наташа Родригес танымал футболшымен көңіл жарастырып жүргенін айтқан.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
“Мен Криштиануға тверк билеп тұрған сәтімде түсірілген видеоны жібердім. Ол менің дене сымбатыма тәнті болып, кездескісі келетінін айтты. Қызы бар екенін білсем де, тез тіл табысып кеттік. Екеуіміз бірге өткізген түн тамаша болды! Әрине, оған тек төсек қатынасы үшін қажет болғанымды жақсы білемін. Бірақ, арманым орындалғанына шексіз ризамын”, – дейді модель.
Мұнымен қатар, Наташа аталған реалити шоуға қатысатынын Роналдуға алдын ала ескерткен екен. Ал футболшы оған араларында болған түн туралы айтуға тыйым салған.
Естеріңізге сала кетсек, Криштиану Роналду Джорджина Родригеспен көңіл жарастырып жүргенін айтқан болатын. Күн кеше екеуінің төртінші сәбилері дүниеге келді.
Жіберіп алмаңыз:
Отандасымыз самбодан әлем чемпионы атанды
Нью-Йорк полицейі Димаш Ниязов BoxRec рейтингінде 19-орынға көтерілді
Джейкобс Головкинмен қайта жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты