Роналдо Оразалы: Қазақстандық блогер танымал футболшының құрметіне ұлының есімін қойды

Маңғыстаулық блогер Асел Ерімбетова отбасындағы қуанышты жаңалықты бөлісті. Ол ана атанып, дүниеге ұл әкелген, ал ұлының есімін –Роналдо деп қойған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жұп әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, перхентханадан шығу сәттерін бөліскен.
“Оразалы Роналдo Мерейұлы.
Перзентханадан у-шусыз, тыныш қана шығамыз деп ойлағанбыз… Бірақ жігітім үйде осындай тосынсый дайындап қойыпты. Аллаға сансыз шүкір, осындай жанашыр, ойлайтын жолдасым бар екеніне.
Бақыт деген – осындай қарапайым сәттер ғой”, – деп жазған ол.
Желі қолданушыларының назары бірден сәбидің есіміне ауды. Кейінірек блогерлер ұлына неліктен мұндай есім бергенін түсіндірді.
Олар ұлына әлемдік футбол тарихындағы ең жарқын шабуылшылардың бірі – аңызға айналған бразилиялық Роналдоның есімін “шекарасы тар болмасын, әлемдік деңгейде жүрсін” деген ниетте ырымдап қойған.
“Біреу батырдың атын қояды, біреу атасының атын, ал біз ұлымыз әлемдік деңгейде жүрсін, шекарасы тар болмасын деп қойдық”, – деп жазды ол.
Ол сондай-ақ өзін “Қазақша есім табылмады ма?” деп сынайтындарға да жауап қатты.
“Қазақша ат табылмады ма?” дейтіндерге айтарым: Қазақтың рухы – атында емес, тәрбиесінде. Ал мен ұлымды нағыз қазақ қылып өсіремін, уайымдамаңыздар. Ең бастысы – бұл атты оған анасы мен әкесі сүйіп қойды. Қалғаны – жай фон”, – деп жазған ол.
Қазақстандықтар мұндай ерекше есімге қатысты түрлі пікір қалдырып жатыр. Нәрестенің амандығын тілеп, жылы лебіздерін білдіріп жатқандар көп.
“Бауы берік болсын, ерекше есім”, “Бауы берік болсын! Қазақтың мықты Роналдасы болсын”, “Роналдо сияқты мықты футболшы, миллионер болсын”, – деп жазған олар.
Алайда қазаққа тән емес есімге сын айтып жатқандар да баршылық.
"Төрт жыл бұрын Қазақстан азаматтығын алған": Сарапшы Шарлапаевтың "Атамекен" кәсіпкерлер палатасына тағайындалуын сынға алды