Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шығармасын 5 жыл жазған қазақстандықтың кітабы ең үздік деп танылды

"Алтын қалам" байқауында осы жылдың ең үздік қазақстандық кітабы деп ядролық бомбалаудың салдары туралы әңгіме танылды. Автор Бекен Ыбырайым 1 миллион теңге сыйақы алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин

Мәліметтерге сенсек, байқау үшін Бекен Ыбырайым өз шығармасын бес жыл жазған. Оның кітабы Қазақстанда ең үздік деп танылды. Бекен Ыбырайым кітабы жақында барлық кітап дүкенінде сатылымға шығатынын уәде етті. Қаламгер "Уран кеніші" әңгімесімен "Жылдың үздік прозасы" аталымы бойынша топ жарды. Бұдан бөлек тағы бес адамның шығармашылығы жоғары бағаланды.

Дауыс беру нәтижесі бойынша келесі авторлар жеңімпаз атанды:

  • Жылдың үздік прозасы — Алтынбек Мерсадық, Астана
  • Жылдың үздік кино сценариі және драматургиясы — Шаридияр Уәлиханов, Астана
  • Жылдың үздік балалар және жасөспірімдер әдебиеті – Нұрбек Нұржанұлы, Алматы
  • Жылдың үздік сатирасы — Асхат Өмірбаев. Жетісу облысының, Үштөбе
  • Жылдың үздік фантастикасы немесе детектив шығармасы — Бақыт Жалиева, Ақтөбе

Олардың туындылары өз жанрында үздік деп танылды. 202 жұмыстан қазылар алқасы ең қызықтарын таңдады.

Әдебиет байқауының негізін қалаушы Қуат Домбай кітаптар шығарылғанда, редакторлар оларды оқып отырып ләззат алғанын айтады.

"Біз алғаш рет осы шығармаларды оқып отырып демалдық. Қарасаңыз, олар кітап сөрелерінде жаңа ғана пайда болды. Заманауи кітаптар тізімі көбейіп жатыр. Бірақ көбіне бұл жазушылар қаржыландыру мәселесін өзі көтереді. Бұрын кітаптарды мемлекет қаржыландырып, жазушылар өз кітаптарын шығаратын. Қазір кітапты кімнің ақшасы бар, солар шығарады", – деді Қуат Домбай.



Еске салайық, бұған дейін Батыс Қазақстан облысында ауылдық кітапхана құрылысына 570 миллион теңге жұмсалатынын жаздық. Тендерді өңірдегі мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы Жәнібек аудандық сәулет бөлімі үшін өткізді. Хабарландыру 5 қарашада жарияланып, қарашаның соңына қарай жеңімпаз анықталды. Кітапхананы салатын компания – Жәнібекте тіркелген "Символ" ЖШС, ал құрылтайшысы және директоры – Искаир Илемесов.

Талқылау