Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Рома» құрамасының бапкері Гасперини Довбиктің «Лильге» қарсы екі матчта пенальтиден мүлт кетуіне қатысты пікір білдірді

Фото:Championat.com

"Рома" клубының бас бапкері Джан Пьеро Гасперини Еуропа лигасының топтық кезеңінің 2-туры аясында "Лильге" қарсы өткен матчта Артём Довбиктің пенальтиден екі рет гол соға алмағанына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі championat.com  порталына сілтеме жасап хабарлайды.

 "Спортта өкініп отыруға жоқ. Қателік — адамды шыңдайды. Өткен оқиға өкініп, ренжіп босқа уақыття құртуға болмайды. Спортта жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді”, — дейді бас бапкер.

 

    Бас баспкердің айтуынша Довбик пен Матиас Соуле  негізгі пенальти орындаушылардың бірі ретінде таңдалған. 
“Біз ең әуелі кез келген ойынның алдында жоспар құрамыз. Сол жоспарымызға сәйкес ойын пенальти сериясына жалғасса Довбик және Соуле шығады деп айтқанмын. Айтқаным бойынша Довбик пен Соуле  пенальтиге шықты”, — дейді бапкер RomaNews порталына берген сұхбатында.

Естеріңізге сала кетейік, матч барысында бір сәттің ішінде "Лиль" қақпасына үш рет қатарынан пенальти белгіленді: алғашқы екі мүмкіндікті Довбик мүлт жіберді, ал үшінші соққыны Матиас Соуле орындап, оны да қармсылас команданың қаақпашысы Берке Өзер қайтара алды. Төрешінің қаатарынан үш пенальти белгілеуі “Лиль” футболшыларының ереже бұзуынан орын алып отыр.

 

Айнұр Мұхади
Сенбі, 04 Қазан, 2025 15:23
Талқылау