Рөлде келе жатып ұйықтап кетуден сақтандыратын білезік шығарылды (видео)
Латвиялық Creative Mode компаниясы көлік жүргізушілерінің ұйқыға берілуінің алдын алатын білезік құрастырды.
Бұл туралы Hi-news.ru хабарлайды.
STEER деп аталатын құрылғы қараша айында сатылымға шығарылмақ. Білезік құны шамамен 99 доллар. Ал күзде бұл баға 199 долларға дейін көтерілуі мүмкін. Білезікте орналасқан 16 тетік жүргізушінің жүрек соғысы мен терісінің электрөткізгіштігін бақылап тұрады.
Жүргізуші ұйықтай бастаған жағдайда білезік дабыл қағып, оның қолына аздаған электр разрядын жібереді. Бұл разряд адамды оятып, оны сергек қалпына оралту үшін жеткілікті. Ток соққысынан кейін организм оянып, ұйқы гармондары төмендейді.
Оқи отырыңыз:
100 жастағы ақсақал мектепке барып оқып үйреніп жүр
Америкалық компания өз қызметкерлерінің қолдарына түгелдей чип енгізетін болды
Күйеуі бар америкалық әйел ашық-шашық суреттерін сатып табыс тауып жүр
Өзге баланың екі қолы салынған балақай бейсбол ойнауды үйреніп жүр (фото)