Рок әнші Әсем Көпбаева күйеуімен ажырасып кеткенін мәлімдеді
Танымал рок әнші Әсем Көпбаева ел күтпеген мәлімдеме жасады. Ол күйеуі, режиссер Нұрғиса Әлмұратпен ажырасып кеткенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Алматы" арнасының Paparazzi бағдарламасына сілтеме жасап.

Рок әнші режиссерге осыдан бірнеше жыл бұрын тұрмысқа шыққан. Екеуінің ортақ бір қызы бар.
"Нұрғиса екеуміз араласамыз, сыйласамыз. Бүгін қызымызды біге апардық, бірақ бірге тұрмаймыз. 1 жыл болды. Өмір болғаннан кейін, әртүрлі жағдайлар болады. Халық дұрыс түсінеді деп ойлаймын, екі қошқардың басы бір қазанға сыймады", – деп ағынан жарылды өнер иесі.
Бұдан өзге, рок әнші шығармашылығындағы жаңалықтарымен бөлісті. Ол өзінің төлқұжатына айналған "Жалт етіп өткен" әнін жаңадан өңдеп, қайта шығармақ.
"Біреу таныса, біреу танымас. Жас әнші, өте дарынды әнші Ербол Сасановпен "Жалт етіп өткен" әнін дуэт болып орындап, қайта шығарып жатырмыз", – деп бөлісті Әсем.
Талқылау
"9 жаста етеккірі келіп, мастурбация жасайды": Қазақстандық ата аналар балаларындағы ерте жыныстық жетілу белгілеріне алаідаушылық білдірді
Маман: “Ата-аналар баласының желіден не көріп жүргенін бақыламайды”
"Қандай жанталасты бастан кешкенімді сөзбен түсіндіру мүмкін емес": Қатерлі ісікті 3 рет жеңіп шыққан қазақстандық әйелдің оқиғасы көпті шабыттандырады
Өміріндегі ауыр сынақты еңсерген әйел енді өзгелерге сырқаттан айығуға көмектеседі