Ризабек Айтмұхан Азия чемпионатының финалына өтті
Еркін күрестен Қазақстан құрамасының өкілі Ризабек Айтмұхан Амманда өтіп жатқан Азия чемпионатының финалына шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Спортшы 97 келіге дейінгі салмақта алтын медальға таласады. Жартылай финалда Ризабек ирандық Мохаммадмобин Азимиді жеңді. Жекпе-жек 2-0 есебімен аяқталды.
57 келі салмақта сынға түскен тағы бір қазақстандық спортшы Рахат Қалжан жартылай финалда ирандық Джахангир Вализадеден жеңіліп қалды. Енді оны қола үшін күрес күтіп тұр.
Чемпионаттың финалдық блогы Астана уақыты бойынша 20:00-де басталады.
Еске салсақ, бұған дейін Ризабек Айтмұхан Таразда өткен халықаралық турнирдің қола жүлдегері болған еді.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"

