Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Риота Мурата жеңілісінен кейін Головкин жайлы пікірін айтты

Жапон боксшысы Риота Мурата қазақстандық Геннадий Головкинмен болған жекпе-жектен кейін қарсыласы туралы ойын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sports.kz порталына сілтеме жасап. 

Мурата

"Мен Головкиннің шеберлігінің деңгейін сезіндім. Оның соққылары алуан түрлі болды. Нағыз күшті сезіндім”, – деді Мурата. 

Еске салайық, Геннадий Головкин Риота Муратаны тоғызыншы раундта техникалық нокаутпен жеңіп, орта салмақтағы WBA Super, IBF және IBO титулдарын иеленген еді. Бұған қоса қазақстандық боксшы жапониялық қарсыласына жекпе-жекке киетін шапанын сыйға тартып, чемпион белбеуін қайтарып берді. 

Головкиннің келесі жекпе-жегі қыркүйекте мексикалық боксшы Сауль Альвареске қарсы болмақ. 

Дидар Халық
Дүйсенбі, 11 Сәуір, 2022 07:32
Талқылау