Риота Мурата мансабының аяқталуы туралы мәлімдеме жасады
Жапон боксшысы Риота Мурата (16-3, 13 КО) қазақстандық Геннадий Головкиннен (42-1-1, 37 КО) жеңіліс тапқаннан кейін өз мансабын аяқтау жайлы шешімге келіпті, деп хабарлайды Sports.kz басылымына сілтеме беріп Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Мен байсалды шешім қабылдауым керек. Менің ойымша, қазір бокстан кетуге қолайлы уақыт, бірақ әзірге жауап бере алмаймын", – деді Мурата.
Жапондық БАҚ Муратаның Головкинмен жекпе-жек алдында берген сұхбаттарының бірінің үзіндісін келтіреді.
"Мұндай жағдай бола ма, жоқ па білмеймін, бірақ жеңілсем, бокстан кететініме сенімдімін. Егер жеңсем, келесі жекпе-жек туралы ойлануым керек. Содан кейін мен күресті жалғастырудан басқа амалым жоқ. Бәрі аяқталғаннан кейін бұл туралы ойлауым керек", – деген еді ол.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”