Рио Олимпиадасының жеңімпазы бапкерін иығына отырғызып, жеңісін тойлады (фото)
Рио-2016 Олимпиадасының чемпионы финалдық белдесуден кейін бапкерін иығына отырғызып алды. Біраз жерге дейін жаттықтырушысын иығында алып барған ол одан айласын асырды.
Бұл туралы tjournal.ru жазды.
Бапкерін иығынан асырып лақтырған спортшы осылайша еркін күрестегі қарсыласқа бағытталатын әдістердің бірін қолданды.
18 тамыз күні жапон спортшысы еркін күрестен 63 килограмға дейінгі салмақ дәрежесінде Олимпиада алтынын жеңіп алды. Ол белорусьтік қарсыласын 6:0 есебімен жеңген болатын. Қатты қуанған спортшы қыз бапкері Казухито Сакаиді иығына отырғызып алды.
Сондай-ақ, қалжың ретінде Казухито бапкерін кілемге құлатып, одан айласын асырды.
Твиттер желісінің қолданушылары аталмыш оқиғаны назардан тыс қалдырмады. Олар: «тіпті бапкерінің өзі де еркін күрестен Олимпиада чемпионының қасында қауіпсіз сезіне алмайды», «өмірімде тамашалаған ең керемет жеңісті сәт», – деп жазған.
Жіберіп алмаңыз:
Солтүстік Кореядан шыққан Олимпиада чемпионы ең көңілсіз спортшы атанды (фото, видео)
Нәресте кезінде анасы тастап кеткен спортшы Олимпиада алтынын алды (фото)
Олимпиада биікке секіріп, кермені жыныс мүшесімен жанай өткен спортшы құлап қалды (видео)