Нәресте кезінде анасы тастап кеткен спортшы Олимпиада алтынын алды (фото)
Тиаго Браз да Сильва биіктікке секіруден Олимпиада чемпионы атаны атанып қана қоймай рекорд жаңартты. Анасы екі жасқа толмай жатып тастап кеткен спортшы атасы мен әжесінің қолында тәрбиеленген. Әрі ол үнемі әжесіне «Адамдар осы неге ұшпайды? Мен құстардың ұшқанын тамашалағанды жақсы көремін» деп айтады екен.

Бұл туралы sports.ru жазды.
Жақындарының айтуынша, бала күнінде Тиагу сөмкесін арқалап, анасын күтіп тас жолдың бойында ұзақ отырады екен. Алайда, қанша күтсе де туған анасы ұлын іздеп келмеген. Бір күні ондай қуаныштың ешқашан болмайтынын түсінген бала, осы әдетін ешкім айтпастан-ақ қойып кетіпті. Содан бері Тиаго өзін асыраған әжесі мен атасын ата-анасы деп біледі екен

Туысқан ағасының ықпалымен жеңіл атлетикаға бет бұрған ол бүгін Олимп шыңына шықты. Бразилиялықтың жеңісін көпшілік сенсацияға балауда

“Анамның қайда екенін білмеймін. Ол мені көріп мақтанатын шығар”, – дейді чемпіон жеңіске жеткеннен кейін.

Қазақстандық әйел жалға алушыны пәтерінен шығара алмай, сотқа берген: Алайда сот қараудан бас тартты
Пәтер иесі: "Жалдау шартын бұзылған деп тану және жалға алушыны пәтерден шығаруды міндеттеу талабым "кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотқа жүгіну керек" деген негізбен бас тартылды"
Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегенова ажырасса, сот үкімі өзгере ме? Адвокат жауап берді
Түпкілікті шешімді кейінге қалдыру мерзімі аяқталған соң сот қабылдайды