Рио-2016: Жапаров алғашқы жекпе-жекте ұтылды
Қазақстандық таэквондошы, ұлттық құраманың туын алып шыққан Руслан Жапаров Риода жүлдеге қол жеткізеді деген жанкүйерлерінің үмітін ақтай алмады.
Фото: theopenasia.net
Бұл туралы “ҚазАқпарат” хабарлайды.
80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ол тісқаққан азербайжан спортшысы Радик Исаевпен кездесті. Жекпе-жек азербайжандықтың белсенділігімен басталды, ол Русланды айқын басымдықпен ұтты, есеп – 11:2.
Еске сала кетсек, Руслан Жапаров Риодағы Олимпиада жүлдесі үшін сайысқа шыққан соңғы таэквондашы. Бұған дейін Айнұр Есбергенова мен Жансель Дениз жарысты алғашқы кездесулерін жеңіліспен аяқтап, елге оралған болатын.
20 жастағы Р. Жапаров Жамбыл облысының тумасы, ҚР спорт шебері, Қазақ спорт және туризм академиясының үшінші курс студенті. Руслан Жаппаров Олимпиада жолдамасына 16 сәуірде филиппиннің Манила қаласында өткен Азия біліктілік жарысында қол жеткізді. Ол палестиналық Бахри Танрикулуды – 10:6 және пәкістандық Атиефа Аршаданы – 3:1 есебімен ұтты.
Жіберіп алмаңыз:
РИО-2016: Аслан Кахидзе қарсыласынан ұтылды
Рио: Мамандар қырғыз атлетшісінің қанынан стрихнин тауып алды
Рио-2016: Сабина Әшірбаева Рио Олимпиадасын жүлдесіз аяқтады
Рио-2016: Қазақстан жалпы медальдар санын бүгін 17-ге жеткізді