РИО-2016: Қазақстан медаль саны бойынша 11-ші орынға көтерілді
Қазақстан 2016 жылғы Олимпиаданың медаль саны бойынша көрсеткіште 11-ші орынға көтерілді.
2016 жылғы Олимпиаданың кезекті жарыс күнінде Қазақстан екі «алтын» мен бір «күміске» қол жеткізді.
Жүзуші Дмитрий Баландин мен ауыр атлеттер Ниджат Рахимов пен Жазира Жаппарқұл жүлделерге ие болды.
Қазақстан Олимпиадада жалпы есепте 11 орында (2-2-3), бірінші орында АҚШ (10-11-9), екінші орында Қытай (9-4-8), үшінші үздікті Жапония бекітіп отыр (6-1-10).
Жазира Жаппарқұл қазақ қыздарынан тұңғыш Олимпиаданың күміс жүлдегері атанды. Бүгін Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында ауыр атлетикадан әйелдер арасындағы 69 келіге дейінгі салмақта қазақ қызы ел қоржынына екінші күміс жүлдені сыйлады. Ол қоссайыстың қорытындысы бойынша 259 келіні бағындырды.
ХХХІ Олимпиада ойындарының бесінші күні қазақстан қоржыны алғашқы алтынмен толықты. Оны 77 келіде ерлер арасында өнер көрсеткен ауыр атлетіміз Ниджат Рахимов жеңіп алды. Бұл туралы Риодағы ҚазАқпарат тілшісі хабарлады.
Екі жүз метрге жүзуден қазақстандық спортшы Дмитрий Баландин ақтық сайыста алтын жүлдеге ие болды.
Брасс әдісімен 200 метр қашықтықта суға жүзу жарасында қазақстандық спортшы белгіленген қашықтықты 2:07:46 уақытта жүріп өтіп, бірінші орынға ие болды.
.