Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

РИО-2016: Иван Дычко жартылай финалға шықты (фото)

Бүгін Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындарында +91 келі салмақтағы боксшымыз Иван Дычко ширек финалда нигериялық Эфе Аджагбаны ұтып, жартылай финалға жолдама алды.

CA1I7870

Естеріңізге сала кетейік, ол алғашқы жекпе-жегінде басты қарсыласы әзербайжандық Могамедрасул Меджидовті екінші раундта техникалық нокаундпен ұтып, ширек финалға шыққан болатын.
Қазақстан боксында аса ауыр салмақта боксшылар өте тапшы.

Сол олқылықтың орнын сездірмей жүрген қостанайлық тарланымыз талай сындарлы сайыстарда ел намысын абыройлы қорғап келеді. Дычко осыдан төрт жыл бұрын Лондон олимпиадасында Қазақстан қоржынына қола медаль салған спортшылардың бірі. Енді Риода одан да жоғары жетістікке жетеді деген үміттеміз.

Жіберіп алмаңыз:

Әділбек Ниязымбетов Олимпиада ойындарының финалына өтті (фото)

Александр Зайчиков Рио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды

Василий Левит Қазақстан қоржынына күміс медаль салды

Олимпиадада қарсыласымен қол алыспаған Мысыр дзюдошысы еліне қайтарылды

Талқылау