Александр Зайчиков Рио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды
Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бүгін ауыр атлетіміз Александр Зайчиков 105 келі салмақтан қола жүлдені жеңіп алды.

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Қоссайыстың қорытындысы бойынша 416 келіні (193+223) бағындырып, қолаға қол жеткізді. Еске сала кетейік, осыған дейін жеті ауыр атлетіміз өнер көрсетіп, 1 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль жеңіп алды.
Айталық, Олимпиаданың үшінші ауыр атлет Фархад Харки 62 келі салмақ дәрежесінде қола медаль еншілесе, төртінші күні тағы бір ауыр атлет қызымыз Карина Горичева 63 келі салмақта екінші қола медальға ие болды.
Ал Олимпиаданың бесінші күні екі бірдей ауыр атлетіміз ел қоржынына бір алтын, бір күміс медаль салды. Алтынды Ниджат Рахимов жеңіп алса, күмісті қазақтың қызы Жазира Жаппарқұл иеленді.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады