Рио-2016: Ең әдемі форма – Қазақстан спортшыларында
Рио Олимпиадасында қазақстандық спортшылардың киімі «ең әдемі» деген атқа ие болды. Ресейлік «Боец» телеарнасының журналисі қазақстандықтардың спорттық киімін осылай бағалады.
Фото: inform.kz
Бұдан бөлек, журналистің пікірінше, Рио-2016 Олимпиадасындағы ең жарқын жанкүйерлер қазақстандықтар екен.
«Бұдан асқан керемет жанкүйер мен бұдан асқан әдемі спорттық киімді басқа ешкімнен көрмедім. Меніңше, спортшыларды қолдау мәселесіне келгенде қазақстандық делегация ең ұйымшыл», – деп мәлімдеді ресейлік журналист.
Естеріңізге сала кетейік, Олимпиадада спортшылар киіп шыққан спорттық форма екінші рет әзірленген киім болатын. Себебі алғашқысы қазақстандықтардың тарапынан қатал сынға ұшыраған.
Жіберіп алмаңыз:
Жеңісін тілшіден естігенде эмоциясын жасыра алмаған спортшы әлемге танылды (фото, видео)
Риода алты боксшымыз жарысты жалғастырады
Ольга Рыпакова: Қола медаль үшін ризамын, соңғы 4 жыл оңай болған жоқ
Талқылау