Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Рингке шығуға тура келеді": Майк Тайсон Мессиге сес көрсеткен "Канелоға" жауап берді

Әлемнің бұрынғы абсолютті чемпионы Майк Тайсон аргентиналық футболшы Лионель Мессиді қолдап, Сауль "Канело" Альвареске жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Тайсон Канело

Альварес Аргентина құрамасының киім ауыстыру бөлмесінде болған жағдайға қатысты наразылығын білдірген. Месси Мексика құрамасының туы бейнеленген футболканы басып кеткен. Кейін Альварес аргентиналық футболшы Серхио Агуэро мен испаниялық Сеска Фабрегасқа да жауап қайтарып, сес көрсеткен. 

Ал Майк Тайсон Аргентина құрамасының футболкасымен түскен суретін жариялап, "Канелоға” жауап берді.

"Канело" есімді әлдекім Мессиге сес көрсетіпті. Егер ол Мессиге қолының ұшын тигізсе, маған көп жылдардан кейін рингке оралуға тура келеді", – деп жазды 56 жастағы Тайсон. 

Талқылау