Ринат Зайытовты айтыс тізімінен сызып тастады
Жүрсін Ерман Ринат Зайытовты айтыс тізімінен алып тастағаны айтты. 16 маусымда Тарбағатайда өтетін айтысқа Ринат қатыспайды.
"Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағы" Жүрсін Ерман Ринат Зайытовтың дәл қазір қайда екенінен бейхабар екенін айтты, деп жазады Qamshy.kz.
"Ринаттың қазір қайда екенін білмеймін. Туған жері Аягөзге кетіп қалған секілді. Ол 16 маусым күнгі Тарбағатайда өтетін айтысқа қатысуы керек болған, алайда соңғы кездегі жағдайға байланысты Ринатты айтыс тізімінен сызып тастады. Айтыс ұйымдастырушылары Ринатты айтыстан алуды сұрады", - деді Жүрсін Ерман.
Айта кетейік, бұған дейін алаңға шыққан Ринатты полицейлер ұстап әкеткен еді. Ринат сайлауда Әміржан Қосановты қолдауға шақырғаны үшін халықтан кешірім сұрады. Кейін өзін полицейлердің босатқанын айтып видео жариялады.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн