Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Рим Папасы Ватиканды Ресей мен Украинаның тікелей келіссөздерін өткізуге орын ретінде ұсынды

Фото: Tiziana FABI / AFP

Жаңадан сайланған Рим папасы Лео XIV Ватиканды Ресей мен Украинаның тікелей келіссөздерін өткізуге орын ретінде ұсынғысы келетінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бұл туралы Қасиетті Тақтың Мемлекеттік хатшысы Пьетро Паролин хабарлады. Ол сондай-ақ Түркиядағы жұмадағы келіссөздерінің барысына наразылығын білдірді.

"Өкінішті, біз процесс баяу болса да, басталады деп үміттендік. Оның орнына бастапқы нүктеге қайта оралдық. Әрі қарай не істеу керектігін көруге болады. Бірақ жағдай өте күрделі драмада", - деді Паролин.

Рим Папасы Франциск кезінде Ватикан тұтқындармен алмасуды белсенді қолдады және Ресейге әкелінген украин балаларын қайтаруды жақтады.

Ватикан дәстүрлі түрде дипломатиялық бейтараптықты ұстанғанымен, Рим папасы Лео XIV соғысты тоқтату мақсатында диалогты дамыту үшін "бар күш-жігерін" жұмсайтынын айтып, уәде берді.



Рим папасы Лео XIV-тің таққа отыру рәсімі Ватикандағы жексенбіде өтеді. Оған украин көшбасшысы Владимир Зеленский мен АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс қатысады деп күтілуде.

Еске салсақ, Ыстамбұлда Ресей мен Украина делегациялары арасындағы келіссөздер аяқталғанын хабарлаған едік. 

Гүлсезім Мұхатай
Сенбі, 17 Мамыр, 2025 13:22
Талқылау