Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Риддердегі өрт сөндірілді

Риддердегі өрт 11 мамыр күні таңертең толығымен сөндірілді, орман аймағындағы өртті сөндіру әлі жалғасуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысы ТЖД-ға сілтеме жасап. 

Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, орманда ағаштар өртеніп жатқан жоқ. Құтқарушылар тікұшақпен бақылау жасау барысында ағаш тіндерінің бықсуы байқалған. 

Өрт сөндіруге барлығы 500 адам мен 69 техника жұмылдырылды.

Өрт шыққан жер қоршауға алынған. Полиция қызметкерлері тонау фактілерін тоқтату мақсатында бос тұрғын үйлерді бақылауларына алды. 

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 11 мамырда таңертең жергілікті құтқарушыларға көмек ретінде Павлодар мен Нұр-Сұлтан қалаларынан тағы екі Ми-8 тікұшағы жөнелтілген. 

Айта кетейік, 10 мамырда Риддердегі (Шығыс Қазақстан облысы) Лесхоз ауылының маңында өрт басталған. Өрт тұрғын үйлерге тез тарап кетті. 35 үй мен 9 қосымша ғимарат жанып кеткен.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Риддер қаласындағы жараланған тұрғындарға көмек көрсетуді тапсырды.

Талқылау