Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Риддерде "Жылу үшін алғыс" челленджі басталды

Соңғы жылдардағы ең қиын қысты бастан өткерген және жылумен қамту саласы жұмыскерлері еңбегінің нақты қадірін білетін қала тұрғындары жылу орталығының ауқымды жөндеу жұмыстарына қатысқандардың барлығына креативті түрде алғыс айтуды жөн көрді.

Риддерліктердің пәтерлеріне көптен күткен жылу келді, бұл бүкіл Шығыс Қазақстан жұртшылығы ерекше қуанған оқиға болды, өйткені өткен жылыту маусымында шағын кеншілер қалашығының тұрғындары үшін еліміздің бүкіл халқы алаңдаған еді.

Жауапты тұлғалардың көпжылдық жосықсыздығы кесірінен орын алған көптеген жарылыстар мен апаттардан кейін Риддер ЖЭО-да технологиялық тізбек іс жүзінде қайта құрылды.

Үйлерге жылу беру үшін үш ауысыммен, қауырт режимде жылу көзінде жұмыс істеген энергетиктердің жанқиярлық еңбегін жергілікті тұрғындар елеусіз қалдырмауды шешті.

Риддер мектептерінің оқушылары мен мұғалімдері жалпықалалық челленджді бастады. Балалар ата-аналарымен бірге тәтті-дәмді тағамдар пісіріп, суреттер мен плакаттар салды, содан кейін оларды ЖЭО-ға апарып, ұйымшыл ұжымға тарту етті.

“Кездесу көңілді әрі әсерлі өтті. 4-10 сынып оқушылары алғыстарын айтып, өздері шығарған шағын өлеңдерін оқып берді”, – деп жазылған Риддер қаласындағы №2 мектептен эстафетаны қабылдаған №1 лицейдің әлеуметтік желідегі парақшасында.

"Игі бастама міндетті түрде жалғасады", – дейді мұғалімдер.

Талқылау