Риддерде шаңғы тебуге шыққан ер адам қар көшкінінің астында қалып, мерт болды
Риддер қаласының маңында қар көшкінінің астынан ер адамның мәйіті табылды. Бұл туралы ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша 1958 жылғы ер адам 8 наурыз күні таңғы сағат 10:30-да шаңғы тебуге қала шетіне шығып кетіп, сол күйі оралмаған.
Кейін белгілі болғандай демалуға шыққан азаматты көлемі 60 метр қар көшкіні басып қалған екен. Бұл өңірде 7-11 наурыз аралығында қар көшкіні қаупі болатыны жергілікті телеарна арқылы хабарланған болатын.
«Риддерден 6 шақырым жерде орналасқан бұл аумақ «Қазселденқорғау» мекемесінің қызмет аясына кірмейді. Оның маңайында автожол жоқ. Өрт сөндіру және апаттық құтқару қызметінің мамандары марқұмның денесін Риддерге жеткізді»,- делінген ТЖД жариялаған ақпаратта.
Айта кетейік, төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындарына көшкін қаупі жайында ескерту берілген мезгілде тауға шықпауға кеңес береді.
Жіберіп алмаңыз:
Петропавлда темекі шегушінің олақтығынан өрт шықты
Алматыда жолды кесіп өтпек болған екі адамды көлік қағып кетіп, біреуі көз жұмды
Қостанайда тұрғын үйлердің бірінен өрт шығып, 50 адам құтқарылды