Риддерде ер адам орманда жоғалып, жалаңаяқ түнеп шыққан
Риддерде орманда жоғалып кеткен ер адамды құтқарушылар тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
МӨСШ-1 және полиция қызметкерлерінен іздеу тобы дереу ұйымдастырылды.
Ер адаммен бірге бірнеше адам орманға барған, олар оның жоғалғанын дереу хабарлады.
Құтқарушылар ер адамды жолдан төрт км жерден тапты. Жәбірленуші тоңғанынан өздігінен қозғала алмай қалған, сондықтан оны көлікке дейін көтеріп әкелген.
Ер адамның айтуынша, ол бір топтан ажырап, батпақты жерге түсіп, аяқ киімін жоғалтқан. Ол суық орманда түнеп шықты. Аяғы тоңғаннан жүре алмай қалған.
Дәрігерлер тексергеннен кейін ер адам ауруханаға жатудан бас тартты.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн