Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Риддерде бір апта ғана жұмыс істеген ЖЭО-ның қазандығы өшірілген

Риддер ЖЭО-да өткен аптада алғашқы орташа қысымды қазандық іске қосылды. Алайда 2 қазанда қазандықты тоқтатуға тура келген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

риддер тэц

Қала тұрғындары жарты жылдан кейін бір қосылған ыстық су бір аптадан соң сөнеді деп күткен жоқ. Риддер әкімі Дәулет Батырбаев мұны авариялық жағдайларды болдырмау үшін жасағанын түсіндірді.

"Күрделі жөндеуден өткен электр станцияларының жабдығы 48 сағат ішінде жүктемемен қабылдау-тапсыру сынақтарына жатады. 72 сағат қалыпты жұмыс істеп тұрғаннан кейін ол сынақтан өтті деп есептеледі. Авариялық жағдайларды болдырмау үшін 2-3 қазан аралығында қосымша тексеру үшін №3 қазандық агрегатын тоқтату қажет", – деді әкім.

2022 жылдың қараша айында Риддерде төтенше жағдайға байланысты жергілікті ЖЭО төтенше жағдай режимін енгізді. Сәуір айынан бастап ЖЭО күрделі жөндеуден өткен соң, қалада ыстық су толығымен өшірілді.

Талқылау