Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Риддер қаласы суға кете жаздады

Риддер қаласында құтқарушылар жергілікті ГЭС маңын торуылдап жүр. Аймақтағы 150 үйді су басу қаупі туындаған. Таңертең ірі су құбырларының бірінде апат болыпты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Гидроэлектростанция қызметкерлері апаттың салдарын болдырмауға жедел кірісіпті. Диаметрі біржарым метрді құрайтын су құбыры жарылып кетіпті. Соның себебінен жергілікті өзенге құятын арнаға су толып кеткен. Қызметкерлердің талмай жасаған еңбектерінің арқасында аймақты су басып кету қаупінің алды алынған. Дегенмен Риддердің су, жылу және жарық жүйелеріне зақым келген көрінеді. Ал жақын аймақты су шайып кетпеу үшін құтқарушылар күні-түні арнаның күзетіне тұрыпты.

"Арнаның соңғы нүктелеріне қарай құтқарушылардың арнайы жасағы күзетке жіберілді. Олар арнаның су деңгейін қадағалайтын болдаы. Бұған қоса алдын ала эвакуациялау пункті ұйымдастырылды", - дейді ШҚО ТД азаматтық қауіпсіздік басқармасының басшысы Тимур Дидахметов. 

 

 

Талқылау