Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Рыбакина әлемдік рейтингтегі үшінші орнынан түсіп қалуы мүмкін

Қазақстандық үздік теннисші Елена Рыбакина осы аптаның қорытындысы бойынша әлем бойынша үздік үштікте тұрған орын жоғалтуы мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

елена рыбакина

Рыбакинаның позициясы француз Каролин Гарсияға байланысты боп тұр.

Қазір Берлинде WTA 500 German Open турнирі өтуде. 24 жастағы Рыбакина екінші айналымда хорватиялық Донна Векичтен жеңілді. Бірақ әлемнің екінші ракеткасы Арина Соболенко, Гарсия сынды теннисшілер әлі ойында.

Осыған дейін төртінші ракетка болған 29 жастағы Гарсия бесінші орынға түсті. Бірақ оның үздік үштікке енуге мүмкіндігі бар.

23 маусымда Каролин ширек финалда чех тоғызыншы ракетка Петра Квитовамен ойнайды. Гарсия 33 жастағы Квитованы жеңсе, Джессика Пегуланы озып, өз позициясын сақтай алады. Ал Берлин титулын жеңсе, әлемнің үшінші ракеткасы атанады да, Рыбакина төртінші орынға түсіп қалуы мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, екі апта бұрын Рыбакина әлемнің үшінші ракеткасы атанған еді. 

Қырмызы Скендирова
Жұма, 23 Маусым, 2023 09:50