Резидентураның 73 түлегі Алматы облысына жұмысқа келді
Резидентураның 73 түлегі Алматы облысына жұмысқа келді. Нәтижесінде дәрігерлер тапшылығы 153 маманнан 80-ге дейін азайды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті.
"Резиденттер облыс әкімдігінің гранты бойынша С. Асфендияров ат. Қазақ Ұлттық Медициналық Университетінде, Қазақстан-Ресей медициналық университетінде, Семей қаласындағы университетте білім алған", - деп жазды баспасөз қызметі.
Жас мамандар барлық аудандардағы медициналық нысандарға жұмысқа орналасты. Олардың қатарында хирург, невролог, инфекционист, кардиолог сынды дәрігерлер бар.
"Өңір басшысы Марат Сұлтанғазиев аппарат отырысында жас мамандарды қолдау үшін бар жағдайды жасауды тапсырған болатын. Арнайы заңға сәйкес, ауылдарға жұмысқа орналасқан мамандарға 100 АЕК көлемінде (345 мың тг) бір реттік көтермеақы беріледі. Сондай-ақ үй салу, сатып алу үшін 1500 АЕК көлемінде (5,175 млн тг) қаражат қарастырылған", - делінген хабарламада.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн