Режиссер Жеңісхан Момышев бойдақтықпен қош айтысты
Ал талантты режиссер Жеңісхан Момышев сүрбойдақтықпен қош айтысты. Сері әу баста үйлену тойын өзге елде өткізуді жоспарлаған еді. Алайда, шаңырақ көтеру салтанатын туған жерінде атап өтуді жөн көрген.
Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.
Өз кинотуындыларымен қуантып жүретін Жеңісхан, Асель есімді арумен отау құрған. Режиссердың сүйген аруы, өнер әлемінен мүлдем алшақ.
Жеңісхан тойға тек өнердегі жақын достарын ғана шақырыпты. Олардың қатарында, актер Әбунасыр Серіков, тележүргізуші Қазбек Қасым, әнші Шахизада, Ақылбек Жеменей сынды жұлдыздар бар. Ал, біз жас жұбайларға тек бақыт тілейміз.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ