Ермек Тұрсынов Қазақстан Кинематографияшылар одағының басшылығына тағайындалды
Қазақстан Кинематографияшылар одағының басқарма басқарушысы ретінде режиссер Ермек Тұрсынов тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.
«Алматыда Қазақстан Кинематографияшылар одағының ХV құрылтайы өтті. Көпшілік даусымен кинорежиссер Ермек Тұрсынов Одақ басқармасының басқарушысы атанды», – деп хабарланды режиссердің Facebook желісіндегі парақшасында.
Бұған дейін Игорь Вовнянко Одақ басқарушысы болған еді.
Тұрсынов Ермек Кәрімжанұлы – режиссер, сценарий жазушы, ақын, жазушы, аудармашы, кинодраматург, КСРО журналистер одағының мүшесі, мини-футболдан халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
1961 жылы 20 шілдеде Алматы облысы, Нарынқол ауылында дүниеге келген.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетін (1984) және БМКИ-дің сценарий-кинотану факультетін бітірген.
«Мегаполис» газетінің бас редакторы, журналисті; «Қазақстан» телеарнасының бас директоры; «31 арнаның» бас продюсері қызметтерін атқарған.
2008 жылы «Келiн» фильмін түсіріп, режиссерлік мансабын бастаған.
2010 жылы Құрманбек Артықбаевпен бірге «Мамырдың жеті күні» атты кітап шығарады. Ал 2011 жылы кітап желісімен аттас фильм түсірілді.
2012 жылы режиссердің «Шал» атты келесі фильмі жарыққа шығады.
2015 жылы режиссердің трилогиядағы соңғы «Кенже» атты фильмі шықты.
Оқи отырыңыз:
Бағым Мұхитденова: Мен аузымды ашатын болсам, жақсы болмайды
Қайрат Нұртас Түркияда үш күн қатарынан концерт бермек
Төреғали “Қатемді кешіріңдер” деп концерт бергелі жатыр
Жалығып кеттім: Бағлан Әбдірайымов квартет орындайтын әндерді ұнатпай жүр