Республикалық бюджет – "AMANAT" партиясы мен Үкіметтің ортақ жауапкершілігі
Фото: Әли Ғалым
Мәжілістегі "AMANAT" партиясы фракциясының кеңейтілген жиыны барысында халық қалаулылары "2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" және "2026-2028 жылдарға арналған республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы" заң жобаларын қарады.
Депутаттар президенттің сайлауалды бағдарламасының, Жолдауларының, сондай-ақ "AMANAT" партиясының сайлаушыларға берген уәделерінің орындалуын қаржыландыру жөнінде мемлекетік органдардың жоспарын тыңдады.
Мәжіліс Спикері, "AMANAT" партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов қаралған заң жобалары еліміздің алдағы үш жылдағы даму бағытын айқындайты
"Экономикада нақты өсімі бар, жаңа жобалар жүзеге асырылып жатыр. Мемлекет азаматтар алдындағы өз әлеуметтік міндеттерін толық орындап отыр. Экономиканы әртараптандыру бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуде. Сондықтан республикалық бюджет жобасын қолдағанымыз жөн деп білемін. Президент Жолдауы, оның сайлауалды бағдарламасы және "AMANAT" партиясының сайлауалды бағдарламасы қаржымен қамтылып, толық жүзеге асырылуға тиіс. Бұл – "AMANAT"партиясы мен Үкіметтің халық алдындағы ортақ жауапкершілігі", – деді Ерлан Қошанов.
Партия Төрағасы бюджет жобасы айтарлықтай тұрақты екенін атап өтті. Жыл басынан бері халықаралық резервтер (алтын-валюта резерві және бағалы қағаздар) 25%-ға өсіп, 57 млрд АҚШ долларына жетті. Ұлттық қордың көлемі 62 млрд АҚШ долларын құрады. Биыл 9 айда ЖІӨ өсімі 6,3%-ды құрады. Қол жеткізген барлық жетістік – Мемлекет басшысының фискалдық саясатты жетілдіру саласындағы тапсырмаларын жүйелі түрде жүзеге асырудың нақты
Сонымен қатар мәжіліс спикері бюджет қалыптастыруға қатысты өзекті мәселелерге және үкімет болашақта жұмысты жандандыруы қажет бағыттарға тоқталды. Атап айтқанда, көлеңкелі экономикамен күресті күшейту, бюджет тәртібін қатаңдату, жобалау-сметалық құжаттаманы уақтылы дайындау, сондай-ақ "Ауыл – ел бесігі"және "Келешек мектебі" жобаларын қаржыландырудың жеткіліксіз көлемі мәселелеріне назар аударылды. Сондай-ақ ол жергілікті бюджеттердің резервін дұрыс пайдаланудың маңызына назар аударды. Олар жыл қорытындысы бойынша кіріс жоспарын айтарлықтай асыра орындайды.
"Ең алдымен, бұл қаражатты бастау алған жобаларды аяқтауға жұмсау керек. Одан өзге мақсаттарға жұмсауға болмайды. Жергілікті бюджеттер өз дербестігін түсінуге тиіс және орталықтан үнемі көмек сұрай бермеуі керек. Тағы бір резерв – бұрын басталған жобаларды қайта қарап шығу. Олардың арасында кейінге қалдыра тұруға болатын мақсаттар болуы мүмкін. Қаражатты қай тұста үнемдеп, өзге салаларға бағыттауға болатынын тұрғындардың өздері-ақ көріп, айтып отыр", – деді мәжіліс спикері.
Депутаттар алдында сөйлеген премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджетке ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт мөлшері жыл сайын 2,77 трлн теңге көлемінде айқындалғанын атап өтті. Вице премьер "AMANAT" партиясы
Өз кезегінде қаржы министрі Мәди Такиев2026 жылға арналған республикалық бюджет кірісі 23,1 трлн теңге деңгейінде болжанатынын айтты. Ал келесі жылы бюджет шығыны осы жылмен салыстырғанда 2 трлн теңгеге ұлғайып, 27,8 трлн теңгені құрайды деп жоспарлануда. Солай бола тұра, 2026 жылы әлеуметтік салаға 10,7 трлн теңгеқаражат бағыттау жоспарлануда, оның 6,8 трлн теңгесі – әлеуметтік төлемдер, ал 3,6 трлн теңге – білім беру және денсаулық сақтау салаларына қатысты шығындар.
Мәжілістегі Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Татьяна Савельева бұл бюджеттің басты ерекшелігі – тұрақтылық пен қабылданған міндеттемелерді орындау қажеттілігі арасындағы қатаң тепе-теңдік екенін атап өтті. Жалғасы жоқ немесе жобалық әзірлігі расталмаған барлық бастама бюджеттен алыны
Фракция отырысы барысында Үкімет мүшелері депутаттардың бірқатар сұрағын
Жиын қорытындысында "AMANAT" па

Қазақстандық көпбалалы ана "Асар Уме" қайырымдылық қорын апатты үй берді деп айыптады
