Шымкенттегі Республика көшесінде түнгі жарықшамдар жаңартылды
Шымкент қаласының орталық көшелерінің бірі Республика даңғылында түнгі жарықшамдар жаңартылды.
Даңғыл бойындағы ескі жарықшамдар екі деңгейлі жарықшамдарға ауыстырылып, жаяу жүргіншілер жолына қарай қосымша жарықшамдар орнатылды. Жарықтандыру жұмыстарының нәтижесінде көше бойындағы бағаналарға 296, ал жаяу жүргіншілер
жолына 148 жаңа шамдар қойылды.
Республика даңғылында орнатылған жарықшамның бұған дейін қуаттылығы 15 люкс құраған болса, бүгінде олардың қуаттылығы 30 люксқа көтерілді. Осы жылы тұрғындардың қауіпсіздігін арттыру мақсатында жасалынып жатқан жұмыстар барысында мердігер мекеме "ABM Building 2007" ЖШС тарапынан мегаполистегі 30 көшедегі жарықшамдар реконструкциядан өтіп, 104 көшеге жаңа жарықшамдар орнатылатын болады.
Талқылау

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
Былтырдан бері 113 адам жауапқа тартылып, 50 миллион теңгеден астам айыппұл салынған екен

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”