Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ресми мәліметтерде - 5 адам, ал шындығында - 22 адам": Неге ШҚО-да коронавирустан көз жұмғандар саны бойынша әртүрлі деректер тіркелген

Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ілияс Мұхамеджан коронавирустан болған өлім-жітім саны бойынша деректердің неге әр түрлі екенін түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

коронавирус

Coronavirus2020.kz ресми сайтында аймақта коронавирустан 5 адамның көз жұмғаны тіркелді. Шындығында, олардың саны едәуір көп - 22.

"Денсаулық сақтау министрлігі мәліметтерді аптасына бір рет жаңартып отыр, алайда әр стационарда өлім жағдайларын зерттеу бойынша комиссия жұмыс істейді. Бұл мәліметтер күн сайын облыстық штабқа, кейін – пациенттердің өлімінің себептерін зерттеу және анықтау жөніндегі республикалық орталыққа жіберіледі. Бүгінгі күні Шығыс Қазақстан облысында COVID-19-дан 22 өлім жағдайы тіркелген.

Тағы тоғыз жағдайда коронавирус ілеспелі ауру болды, яғни өлім басқа себептермен болған - инсульт, инфаркт және т. б.", - деді Ілияс Мұхамеджан.

Оның сөзіне қарағанда,  облыста пневмониядан 51 адам көз жұмған, олардың ПТР талдауы теріс нәтиже көрсеткен. Олар 28 наурыз бен 7 шілде аралығында өмірден өткен.

Талқылау