Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейліктердің жаппай келуі Қазақстанда экскурсиялық туризмге айтарлықтай серпіліс берді - БАҚ

Мобилизациядан кейін Ресей азаматтарының Қазақстанға көптеп келуі елдегі кей компанияларға оң септігін тигізген. Бірінші кезекте Алматы мен Астана, Шымкент қалаларындағы туризм саласы өкілдерінің табысы артқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

медеу

Profi.Travel сайтының мәліметінше, Қазақстанда қыркүйек пен қазанда гид және экскурсия қызметіне деген сұраныс артқан. 
Қазақстан туристік нысандар және гидтер ассоциациясының басшысы Айгүл Қаратаеваның сөзінше, Ресейден келген қонақтарды Алматы бойынша экскурсия мен қала сыртына бір күндік сапарлар қызықтырған. Кейін сұраныс Шарын шатқалы, Көлсай сынды шалғай нысандарға ауысқан. 

"Бірнеше ай бойы бұл сала қатысушылары күшейтілген жүктеме бойынша жұмыс істеді және күз мезгілі біз үшін сәтті болды. Біз алдағы уақытта ресейліктер тарапынан Қазақстанның оңтүстігіне саяхаттау үшін сұраныс артады деп ойлаймыз", – деді Айгүл Қаратаева. 

Сонымен қатар ол жеке жұмыс істейтін ресейлік экскурсия өкілдеріне де сұраныс артқанын қосып өтті. Дегенмен олар Қазақстанда лицензиясыз жұмыс істейді екен. Заң бойынша гид және экскурсия қызметтерін тек Қазақстан азаматтары ұсына алады. Сонымен қатар ресейліктер жиі сапарлар ұйымдастырады, әрі бұл отандастары арасында сұранысқа ие көрінеді. 

Талқылау