Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейлік "Спутник V" вакцинасы Қазақстанда қанша тұратыны белгілі болды

Қазақстанда өндірілген ресейлік "Спутник V" вакцинасының құны Ресейдегіден қарағанда жоғары болуы мүмкін. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрлыбек Асылбеков мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ресейде вакцинаның шекті құны 1942 рубль немесе шамамен 11 мың теңгені құрайды.

"Қазір шамамен құны есептеледі. Айта кету керек, бұл ресейлік вакцина, бірақ  біз сатып аламыз. Менің ойымша, бізде басқа баға болады. Логистиканы, тасымалдауды, технология трансферін ескере отырып, бұл біршама қымбат болады деп ойлаймын", - деді Нұрлыбек Асылбеков.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда "Спутник V" коронавирусына қарсы ресейлік вакцина өндірісі басталды. Қарағанды фармацевтикалық кешенінің базасында екі миллион доза вакцина өндіріледі.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр