Ресейлік мамандар: "Спутник V" вакцинасын екі рет салуға болмайды
Эпидемиолог маман "Спутник V"-ді екі жыл аралығында қайта егу артық болатынын хабарлады, өйткені адамның қанында антиденелер жоғары деңгейде сақталады. Бұл туралы Роспотребнадзор орталық эпидемиология ғылыми-зерттеу институты директорының клиникалық-аналитикалық жұмыс жөніндегі орынбасары Наталья Пшеничная мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Наталья Пшеничнаяның айтуынша, векторлық вакцина антиденелердің жеткілікті дәрежеде жоғары көтерілуін қамтамасыз етеді.
"Бұл жеткілікті дәреже ұзақ болады деп болжануда. Ол вакцинаны қайта егу мүмкін емес. Егер екі жылдан кейін бірдей құрамы бар вакцина егілсе, онда оның компоненттері денемізде сақталған антиденелермен жойылуы мүмкін", - дейді маман.
Айта кетейік, антиденелердің жоғары деңгейінің әсерінен вакцинация толық ем ретінде оң нәтиже бермеуі мүмкін, деген еді Орталық басшысы "Спутник V" вакцинасын жасаған Н. Ф. Гамалеи, Александр Гинцбург.
Мақсатым — Олимпиада. Жаңа бапкерлік штаб 1,5 жылда нәтиже береді — Ғұсман Қырғызбаев
Ғұсман Қырғызбаев: Біздің қырғыздарға ешқандай қатысымыз жоқ
Қазақстанда шетелдіктер тұрақты тұру үшін қазақ тілінен тест тапсырады: Бұл талап интеграцияны күшейте ме, әлде көшуге ниеттілерді азайта ма?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі