Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейлік футболшы Артем Дзюба Қазақстан чемпионатына ауысудан бас тартты

Ресейлік шабуылшы Артем Дзюба футболдан Қазақстан премьер лигасының былтырғы чемпионы “Қайрат” клубының сапына ауысудан бас тартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: РФС

Футболшы ресейлік басылымдарға берген сұхбатында қазақстандық стадиондардың нашар екенін айтқан. Сонымен қатар, ареналарда жасанды алаң аладоп шеберлерінің денсаулығына үлкен қауіп төндіретінін меңзеген.

“Мен Чемпиондар лигасында ойнау үшін “Қайратқа” баруға дайын болған едім. Бірақ маған Қазақстандағы чемпионат жайлы айтып берді. Стадиондардың сапасы, қалаларда тек жасанды алаңдар… Мен енді ондайға шыдай алмаймын. Жасанды алаңда екі-үш ойын өткізіп, сол жерде карьерамды аяқтағым келмейді”, – деді Дзюба “Чемпионат” порталына берген сұхбатында.

Артем Дзюба – футболдан Ресей премьер лигасының және ұлттық құрамасының ең үздік сұрмергені. 2016, 2020 жылғы Еуропа чемпионатының, 2018 жылғы әлем чемпионатының қатысушысы. РПЛ-дың және Суперкубоктың 4 дүркін жеңімпазы, Ресей Кубогының 3 рет чемпионы атанған. Дзюба футболдық мансабында мәскеулік “Спартак”, “Локомотив”, Томь, Ростов, Арсенал, түркиялық “Адана Демирспор” клубтарында өнер көрсеткен. Қазіргі таңда “Акрон” футбол командасында доп тебеді.  

Талқылау