Ресейлік ер адам досының жыныс мүшесін балтамен шауып ауруханаға түсірді
Башқұртстанда Никольск ауылының 51 жастағы тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол досының жыныс мүшесін балтамен ұрған.
Сурет newsru.com
Бұл туралы uralpolit.ru хабарлайды.
24 мамыр күні полиция бөлімшесіне 47 жастағы аулы тұрғынының ауруханаға түскені туралы ақпарат келеді. Ол басы мен денесінен бірнеше жарақат алған.
Түсініктеме алу кезінде оған жарақатты бала кезден бірге келе жатқан досы салғаны анықталды. Олар соңғы екі күн бойы бірге ішкен екен. Ақыры әбден масайған екеуі қайсысының жыныс мүшесі дәу екеніне келісе алмай дауласып қалады.
Осы кезде үйдің қожайыны үйден балта алып шығып, өзін ренжіткен досын әуелі басынан, сосын жыныс мүшесінен ұрған. Айғайлаған дауысты естіген көршілері дереу дәрігер шақыртады.
Қазіргі таңда зардап шегушінің денсаулығы бірқалыпты жағдайда. Оның ең жақын досын полиция тұтқынға алды.
Талқылау