Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейлік дәрігерлер коронавируспен ауырған науқастарда өлімге әкелетін суперинфекция пайда болғанын хабарлады

Мәскеулік дәрігер Денис Проценко коронавирустың жаңа қорқынышты салдары туралы айтты. Айтуынша, COVID-19-бен ауырған көптеген науқас аурудан емес, ауруханада алынған суперинфекциядан көз жұмады.

«COVID-19-бен ауыратын науқастардың ерекшелігі - олардың ағзасында өте қауіпті суперинфекциялық бактериялардың тез пайда болуында. Сонымен қатар, бұл проблемалық штамдар емдеу мүмкіндіктерін шектейді. Біз оларды жиі анықтаймыз», - деді дәрігер.

Осы себептен бас дәрігер коронавирусты науқастарды емдеу әдісін өзгертуі керек деп санайды. Проценко науқастардың өлім себептері көбінесе гипоксия мен тромбоэмболиядан болады дейді.

Медицина ғылымдарының докторы, биоқауіпсіздік бойынша сарапшы Николай Дурманов науқастардың денесінде көрінбейтін бактериялар болуы мүмкін екенін айтты.

Ресей Ғылым академиясы Молекулярлық генетика институтының зертхана меңгерушісі Константин Северинов ауруханаларда дәрі-дәрмектерге төзімді бактериялардың арнайы микрофлорасы пайда болғанын, сондықтан адамдар өлімге әкелетін пневмониямен ауыратынын айтты.

Барлық коронавирустық науқастарға антибиотиктер тағайындау төзімді бактериялардың жиілігін арттырады, деп атап өтті Северинов.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 07 Желтоқсан, 2020 08:24
Талқылау